2025 жылғы 28-29 мамыр күндері аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданының «Үшқоңыр» спорт кешенінде Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасындағы XVII Спартакиадасы өткізілді.Спартакиада тоғызқұмалақ, қазақ күресі, шахмат, үстел теннисі, жүзу, 3х3 баскетбол, арқан тартыс, волейбол және шағын футбол спорт түрлерін қамтыды. Іс-шараға Қонаев қаласы мен облыстың 9 ауданынан 16 команданы құраған 700 жуық мемлекеттік қызметші қатысты.
Ауқымды іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер арасында І орынды - Кеген ауданының әкімдігі, ІІ орынды- Райымбек ауданның әкімдігі, ІІІ орынды - Алматы облысының әкімдігі иеленді. Құқық қорғау органдары арасында І - орынды Алматы және Жетісу облыстары бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ІІ орынды - Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті иеленді.
Аталған іс-шара 10-18 маусым күндері аралығында Өскемен қаласында өтетін Республикалық Спартакиадаға іріктеу болып табылады.