Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде қазақ күресінен Қазақстан барысы Республикалық турниріне «Алатау арланы» Алматы облысының іріктеу  турнирі өтті

Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде қазақ күресінен Қазақстан барысы Республикалық турниріне «Алатау арланы» Алматы облысының іріктеу  турнирі өтті

Ағымдағы жылғы 20-21 мамыр күндері аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде қазақ күресінен Қазақстан барысы Республикалық турниріне «Алатау арланы» Алматы облысының іріктеу  турнирі өтті. Аталған жарысқа облысымыздың барлық аудандарынан 32 спортшы өнер көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынға Іле ауданы (Сәкенұлы Жігер ), 2 орынға Балқаш ауданы (Жұмахметов Әлімжан), 3 орынға  Еңбекшіқазақ ауданы (Жолтаев Нұрғали) ие болды.

Жарыс жеңімпаздары  мен жүлдегерлері медаль, грамота,  арнайы белбеу және ақшалай сертификаттарымен марапатталды.