Бүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдірахымның төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Бүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдірахымның төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, аудан және қала әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілері, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қалалар мен ауылдық елді мекендерде мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы инфрақұрылым қалыптастыру және кедергісіз орта құру, сондай-ақ мүгедектік тағайындау тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды.

Талғар ауданы әкімінің кеңесшісі М. Жапаров мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі өзара іс-қимылды күшейтуге қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы аудан және қала әкімдеріне, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.