
Қонаев қаласында Алматы облысының Полиция департаменті басшысының төрағалығымен Отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алуға байланысты міндеттерді шешуді жеделдету және ведомоствоаралық іс-қимылды жақсарту мақсатында кездесу өтті. Кездесуге ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева, облыстың аудандық, қалалық Отбасын қолдау орталығы басшылары, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы басшысы, полиция қызметкерлері, әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау мамандары қатысты.. Кездесу барысында 2025-2027 жылдарға арналған жоспары мен іс-қимыл алгоритмі талқыланып, қатысушылар көкейкесті мәселелер бойынша сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстар айтылды. Д. Закиева тарапынан өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларды ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру бойынша мобильді топтардың жұмысын жандандыру бойынша тапсырма берілді.