Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өткізілді

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өткізілді

2024 жылғы 15 наурызда Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың 2023 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарлары Е. Байқоңыс, Ж. Қайыпова әлеуметтік міндеттемелерді орындау, Әлеуметтік кодекске сәйкес жаңа бағыттарды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру және азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, «Отбасының цифрлық картасы» жобасын іске асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы және т.б. сұрақтар бойынша баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары – «Еңбек мобильділігі орталығы», «Аяла «Талғар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек орталығы», Талғар ауданының «Жанұя отбасын қолдау орталығы» директорлар сөз сөйледі.

Басқарма басшысы Айгүл Ахметова проблемалық мәселелерді атап өтіп, жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасын іске асыру бөлігінде жұмысты күшейту, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлерін тұрақты оқыту және қайта оқыту, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету тетіктерін күшейту арқылы еңбекке қабілетті халықтың табысын ұлғайту жөнінде тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне ден қоюға және «Жанұя» орталықтарының жұмысы арқылы алдын алу шараларын көрсетуге ерекше назар аударылды.