Жаңа жұмыс орындарын құру.

Жаңа жұмыс орындарын құру.

2023 жылы облыс бойынша 60506 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 47972 тұрақты жұмыс орны.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанына 2796 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 1993 тұрақты жұмыс орны.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық белсенді шаралары қарастырылған.

Жоба аясында орта жастағы 845 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарлануда, оқу мерзімі 1 - 6 ай, 299,6 млн.теңге бөлінді.

Облыс бойынша 946,7 млн.теңге сомасына 400 АЕК-тен 686 грант беру көзделетін болады.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 13 640 адам қамтылатын болады, 7,6 млрд.теңге көзделген. Оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына - 569 адам,

- еңбекақыны субсидиялауға (мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындары) - 10 адам,

- жастар тәжірибесіне - 981 түлек,

- қоғамдық жұмыстарға - 6184 адам,

- алғашқы жұмыс орнына - 586 адам,

- ұрпақтар келісімшартына - 46 адам,

- күміс жасқа – 975 адам.

Ағымдағы жылдың 1 ақпандағы 2308 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1529 – тұрақты жұмыс орындарына. Жастар практикасына – 52 адам, қоғамдық жұмыстарға – 652 адам, алғашқы жұмыс орнына - 22 адам, ұрпақтар келісімшартына - 1 адам, күміс жас жобасына – 76 адам жіберілді.