Тәжірибе алмасу және шекаралық ынтымақтастықты дамыту

Тәжірибе алмасу және шекаралық ынтымақтастықты дамыту

23 қыркүйекте Алматы облысында әлеуметтік қорғау, әйелдер мен балаларды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту салаларында тәжірибе алмасуға бағытталған Қырғыз Республикасы делегациясының жұмыс сапары өтті.

Сапар аясында делегация Қонаев қаласындағы Алматы облысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына барып, мекеменің қызметімен, көмек көрсету жағдайларымен, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдаудың практикалық тәсілдерімен танысты.

Бағдарламаның маңызды бөлігі Мәслихат депутаттарымен кездесу болды. Кездесу барысында жергілікті өкілді органдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі, әйелдер мен отбасыларды қолдаудағы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы рөлі, сондай-ақ дағдарыс орталықтары мен жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында практикалық тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды дамытуға және Қазақстан мен Қырғызстан өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға ерекше назар аударылды.

 Сапар қорытындысы бойынша отбасыларды, әйелдер мен балаларды қолдауға бағытталған одан әрі әріптестік байланыстарды нығайтудың және бірлескен әлеуметтік бастамаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.