2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті

2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті

2026 жылғы 31 шілдеде Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бахытұлының төрағалығымен 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы қаралып, 2026 жылдың ІІІ тоқсанына арналған негізгі міндеттер айқындалды. Отырыс қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға, заңнама талаптарын сақтауға, атқарушылық тәртіпті күшейтуге және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.