Алматы облысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру кезіндегі бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды

Алматы облысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру кезіндегі бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 25 маусымда Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде қызмет алушылардың келуін және қызметкерлердің нақты жұмыспен қамтылуын растау тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды.

Баяндамамен Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Уаисов пен басқарма басшысының орынбасары Е. Байқоныс сөз сөйледі.

Отырыста 2026 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі арқылы жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Аталған тәсіл бюджет қаражатын қызмет алушылардың нақты саны мен көрсетілген қызмет көлеміне қарай бөлуді көздейді.
Отырыста айтылған барлық тапсырмалар мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, орындау үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жолданатын болады.