Қандас мәртесін беруді уақытша тоқтату

Қандас мәртесін беруді уақытша тоқтату

"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" және "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Қолданысқа енгізілу тәртібін 9-т. қараңыз.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында көшіп келушілер үшін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" және "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің migration.enbek.kz платформасында тестілеу, сауалнама жүргізу және талап ету жері бойынша әңгімелесу өткізу арқылы көрсету жөніндегі пилоттық жобасы іске қосылсын.
  2. Мына:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшіп келушілер үшін тестілеу, сауалнама жүргізу және әңгімелесу өткізу қағидалары;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қандас мәртебесін беру қағидалары;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

  1. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы пилоттық жобаны іске асыру мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаменттерінің уәкілетті қызметкерлері үшін қажетті қолжетімділікті қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп:

      1) осы бұйрықтың 2-тармағымен бекітілген Қағидаларға сәйкес қолжетімділікті іске асыруды;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Полиция департаменттерінің уәкілетті қызметкерлерін оқытуды;

      3) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Полиция департаменттеріне жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын және оны жұмыс барысында басшылыққа алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
  2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "электрондық үкімет" веб-порталы сервистерін пайдалану және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану мәселелері бойынша кеңес беру жүзеге асырылатын, сондай-ақ көшіп келушілерге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндігі берілетін өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 8-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің заң қызметі департаменттеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрінің орынбасары

 - Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрі

Ж. Мәдиев

      Қазақстан Республикасының

 

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

А. Ертаев

      Қазақстан Республикасының

 

Ішкі істер министрі

Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі



      "КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті



      "КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрлігі