Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына хабарландыру!

Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына хабарландыру!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді еліміздің маңызды әлеуметтік бастамаларының бірі – ерікті қоныс аудару бағдарламасына арналған өңіраралық форумға қатысуға шақырамыз.
Бұл шара – жаңа жұмыс орнын тауып, кәсіби тұрғыда дамығысы келетін немесе басқа өңірде жаңа өмір бастауды жоспарлап жүрген азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік!Форум бағдарламасында не күтіледі?
7 өңірден келген делегациялар: Қазақстанның еңбек күшіне қажеттілік туындап отырған жеті бірдей аймағынан арнайы өкілдер келіп, өз өңірлерінің артықшылықтарымен, мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырады.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі: Басқа өңірлердегі ең өзекті әрі жоғары төленетін бос жұмыс орындары тікелей ұсынылады. Жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік бар.
Консультациялар: Қоныс аудару барысында берілетін субсидиялар, тұрғын үймен қамту және балаларды балабақша мен мектепке орналастыру мәселелері бойынша толық ақпарат беріледі.
Форумның негізгі мақсаты
Халық тығыз орналасқан өңірлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету, азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту және еліміз бойынша еңбек мобилділігін арттыру.
Өткізілу уақыты мен орны:
Күні: 2026 жылғы 12 маусым
Уақыты: Сағат 09:00-де басталады
Мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылы, Мәдениет үйі ғимараты.