
Еңбек адамдары – ел тірегі!
2024 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында қорытынды форум өтті. Форум барысында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген үздік еңбек мамандарына мемлекеттік марапаттар табысталды, сондай-ақ «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқау жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды:
«Үздік еңбек династиясы»;
«Жұмыс істейтін жастарға үздік тәлімгер»;
«Үздік жас өндіріс қызметкері».
Сонымен қатар, «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауының жеңімпаздарына, сондай-ақ «Жұмысшы жастар аманаты» жобасының қатысушыларына ерекше құрмет көрсетілді. Аталған жоба жұмысшы жастардың әлеуетін қолдауға және дамытуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Алматы облысының мақтаныштары!
Форум аясында Алматы облысының азаматтары жоғары марапаттарға ие болды:
Бахытжанова Дильфуза Бауыржанқызы, «Бент» ЖШС крановщигі — «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясы бойынша I орын;
Абдурахмановтар әулеті, «Алель-Агро» АҚ құс фабрикасының еңбеккерлері — «Үздік еңбек династиясы» номинациясының жеңімпаздары;
Керимбаев Жанат Асқарбекұлы, Райымбек аудандық спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары — «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен марапатталды;
Касенов Алтай Сапарбекұлы, «BEVER» ЖШС слесарь-жөндеушісі — «Құрмет» орденімен марапатталды.
Барша марапат иелерін лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің адал еңбектеріңіз — өскелең ұрпаққа үлгі, өңіріміздің абыройы!