
ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7-р өкімімен бекітілген 2025 жылға арналған халықпен кездесу кестесіне сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Қ. Жақыпова а.ж. 27 қарашасында Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жұртшылықпен және халықпен кездесулер барысында келесі санаттағы тұлғалар кеңінен қамтылды:
1) жұмыс берушілер мен кәсіподақтар;
2) мүгедектігі бар тұлғалардың мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер бірлестіктері, мүгедектігі бар тұлғалар және мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің өкілдері;
3) әйелдер мен көп балалы аналар;
4) «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ өкілдері;
5) «Сәуле Сапар» АӘҚКО ҮЕҰ өкілдері.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында министр С. Қ. Жақыпова Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Б. Есболатовпен, облыс активімен (43 адам), облыс жұртшылығымен және тұрғындарымен (200 адам) кездесулер өткізді, Алматы облысының еңбек мобильділігі орталығы (41 адам), Алматы облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы сияқты объектілерге барды (50-ден астам адам).
Алматыоблысыныңәкімдігіндежурналистерменкездесудеминистрбарлық қойылған сұрақтарғажауап берді.
Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдау (3 адам) өткізілді. Азаматтардың жеке қабылдауы барысында 6сұрақ айтылды,4мәселе сол жердешешілді,2сұраққатиістітүсініктемелер берілді.
Жұртшылықпен және халықпен кездесу кезінде 11 сұрақ қойылды, барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.