
2025 жылғы 4 қараша күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Есболатовтың төрағалығымен Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
1. 2025 жылға арналған жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында жоспарланған тұжырымдамалар мен ұлттық жобалардың іске асырылуы;
2. Жұмыс берушілердің Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аудару жөніндегі міндеттемелерін орындау;
3. Отбасылардың цифрлық картасына сәйкес дағдарысты отбасылар санын азайту жөніндегі жоспарды орындау.