30 шілде күні Конаев қаласының Орталық саябағында Адам саудасына қарсы дүниежүзілік күнге арналған акция өтті.
Іс-шараны «Родник» ҮЕҰ директоры Балабаева Нина Николаевна Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Акцияға Жастар саясаты басқармасының, Ішкі саясат басқармасының, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (УБОП) мен Мәдениет басқармасының еріктілері қатысты.
Балалар күн, үй, сүйікті жануарлар секілді еркін тақырыпта сурет салып, өз қиялдарын шексіз көрсетті. 🎨
Саябақ қонақтары белсенділік танытып, ақпараттық парақшалар алып, интерактивті ойындарға қатысты.
«Ине-жіп» ойынында қатысушылар қиын жағдайға тап болған қызды бірлесіп құтқаруға тырысты, бұл әрекеттер пайдалы кеңестермен сүйемелденді.
Ал «Дүкен» ойыны аясында маңызды мәселе көтерілді: адам саудасы — бұл ҚР ҚК 135-бабына сәйкес қылмыс** ⚖️
Командалар орыс және қазақ тілдерінде акцияның ұранын жинады: «Адам саудасына бірге қарсы тұрайық!»