Жұмыссыз азаматтарды оқыту арқылы жұмысқа орналастыру

Жұмыссыз азаматтарды оқыту арқылы жұмысқа орналастыру

Қазіргі уақытта облыста жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту екі бағыт бойынша жүргізіледі, атап айтқанда оқыту оқу орталықтары мен білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырылатын жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша, сондай-ақ тікелей оқыту жұмыс берушілердің жұмыс орындарында жүзеге асырылады.

Ағымдағы жыл "Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялануына байланысты, кадрларды даярлау кезінде жұмыс берушілерден тікелей жұмыс орындарында оқытуға басты назар аударылды.

Бүгінгі таңда облыста кадрлар халыққа қызмет көрсету салаларында, негізінен тұрмыстық қызмет көрсету саласында сұранысқа ие.

Білім алушылар арасында ең сұранысқа ие мамандықтар: тігінші – 217 адам, шаштараз – 51 адам, аспаз – 46 адам, кондитер – 20 адам, бухгалтер - кассир-19 адам. және т.б.

 Ағымдағы жылдың басынан бастап кәсіптік оқытумен 361 жұмыссыз азамат қамтылды, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша - 194 және тікелей жұмыс берушілердің жұмыс орнында -167 адам.

Жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытудың жұмыс берушінің өтінімдері бойынша оқытудан басты айырмашылығы-жұмыс беруші мансап орталығының бағыты бойынша жүгінген жұмыссыздарды уақытша жұмысқа қабылдайды, онымен еңбек шартын жасасады және тәжірибелі қызметкерлер арасынан тәлімгерді бекіте отырып, практикалық оқыту жүргізеді.

Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа ауыстырады. Оқу кезеңінде жұмыссыздардың жалақысын еңбек ұтқырлығы орталығы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлейді. Ай сайынғы жалақы мөлшері 20 АЕК құрайды.

 Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту жалғасуда.