Алматы облысы Ұйғыр ауданында маңызды іс-шара өтті. Ауданда Отбасын қолдау орталығының ресми түрде салтанатты ашылуы өтті!
Мемлекет басшысының отбасы институтын нығайтуға бағытталған саясатын іске асыру аясында, бүгінгі ашылып отырған орталық — әлеуметтік қолдау жүйесінің жаңа буыны. Орталықтың басты мақсаты – отбасылық қиындықтарға тап болған жандарға кешенді көмек көрсету: психологиялық және құқықтық кеңес беру, әлеуметтік бейімдеу, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Орталық жанынан мобильді топтар құрылып, ауыл-аймақты аралап, қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау және қажетті қолдау көрсету жұмыстары да жүйелі жүргізілетін болады. Сонымен қатар, отбасылардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, ата-аналар мен балаларға психологиялық және құқықтық көмек көрсету. Орталық – әрбір жанұяға қолдау көрсетілетін сенімді мекен және қамқорлықтың жарқын дәлелі.