Алматы облысында құрылыс саласының өсуі

Алматы облысында құрылыс саласының өсуі

2022 жылдан бастап Алматы облысында құрылыс саласының белсенді өсуі байқалады. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 40% - ға ұлғайды, бұл өңірдегі іскерлік белсенділіктің кеңеюін және тұрғын үй мен инфрақұрылымға сұраныстың артуын көрсетеді. 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде 2,6 млн.м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, жыл сайын орта есеппен 8,6% - ға өсті. Көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылады: жолдар жөнделді, сумен жабдықтау объектілері мен электр желілері салынды және қайта жаңартылды.