Өңірде экологиялық бағдарламаға қоғамдық бірлестіктер, жастар, еріктілер, этнос өкілдері мен кәсіпкерлер белсенді ат салысуда. Осындай игі шаралардың бірі бүгін облыс орталығында да ұйымдастырылды. Эковолонтерлердің айтуынша, елімізде тек аймақты тазарту ғана емес, сананың да ашықтығы, азаматтық жауапкершілік пен бірлік қажет. Себебі, біз болашақ ұрпаққа таза экология, таза ой-сана мен таза тағибат қалдыруымыз керек. Бұндай шараларға қоғам өкілдері мен кәсіпкерлердің белсенді қатысуы - баршамызға үлкен үміт пен қуаныш сыйлайды.
Жалпы, жыл басынан өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 150 мыңнан астам адам және 8 мыңнан астам кәсіпорындар қатысып, 60 453 түп ағаштары отырғызылды. Онымен қоса, 539 тарихи-мәдени ескерткіштер мен 1054 әлеуметтік объектілердің аймақтары тазартылды. Бұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ