
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті
Отырыс барысында республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық саясатты іске асыруға бағытталған конкурс бойынша келіп түскен өтінімдер қаралды. Комиссия мүшелері жалпы 70 үміткерлердің өтінімдерімен танысты. Олардың ішінде республикалық телеарналар, баспа-басылымдар, интернет-ресурстар мен радиолар, онымен қоса, өңірлік деңгейдегі телеарналар мен баспа-басылымдар бойынша өтінімдер қаралды. Алдағы уақытта да комиссия тарапынан заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша тиісті шаралар атқарылады.