Алматы облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2024 жылдың I-тоқсанының отырысы өткізілді

Алматы облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2024 жылдың I-тоқсанының отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Әбдірахымның төрағалығымен Алматы облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Кеңес мүшелері және бейнережимде Қонаев қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Үйлестіру кеңесінің 2024 жылдың I-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесідей мәселелер қаралды:

1) «Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсыну» туралы;

2) Облыстық басқармалардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары туралы;

3) 2024 жылға бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар немесе мемлекеттік гранттар арналған жоспарлары туралы.

Алматы облысында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды 6 облыстық басқарма: Ішкі саясат, дін істері, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар мен 9 аудандық және 1 қалалық ішкі саясат бөлімдері жүзеге асыруда.v