Алматы облысының ҮЕҰ үздік жобаларының конкурсы

Алматы облысының ҮЕҰ үздік жобаларының конкурсы

«Үздік әлеуметтік идеялар мен жобалары-2025»

 байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

Осы Ереже жыл сайынғы әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы шеңберінде «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығы (бұдан әрі - Орталық) ұйымдастыратын «Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқаудың»  (бұдан әрі - байқау) өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды.

Байқаудың мақсаты - өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге ҮЕҰ әлеуетін тарту, азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.

 

  1. Байқауды өткізудің жалпы тәртібі

 

Байқау өткізу туралы хабарландыру «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ сайтында орналастырылады  және әлеуметтік желілерде.

Байқауға саяси партияларды, кәсіптік одақтар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, Алматы облысының мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдары, қоғамдық ұйымдары, қоғамдық және жеке қорлары мен мекемелер, бірлестіктері, жастар ұйымдары қатысады.

Тарату процесіндегі дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған ҮЕҰ-ны қоспағанда, ҮЕҰ дерекқорында мәліметтері бар, Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес грант беруге өтінім берген ҮЕҰ-ға жол беріледі.

Байқауда өтінімдер мен конкурсқа қатысушылардың санына шек қойылмайды.

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

I кезең - 2025 жылғы «10» және «30» шілде аралығында - конкурстық өтінімдерді белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қабылдау, бастапқы іріктеу; үміткерлермен онлайн-консультациялар өткізу.

II кезең -2025 жылғы «01» және «05» тамыз аралығында – жобаларды бағалау, жәрмеңкеге қатысу үшін ТОР-жобаларды іріктеу.

III кезең – жеңімпаздармен 2025 жылғы 10 тамызға дейін шарттар жасасу.

 

IV кезең – 2025 жылғы 30 тамызға дейін әлеуметтік жобаны іске асыру үшін материалдық-техникалық жабдықтарды сатып алу.

Конкурс жеңімпаздары байқаудың комиссияның шешімімен анықталады және әлеуметтік жобаларды қолдау және іске асыру үшін гранттық қаржыландыру бөлінген сертификаттармен марапатталады.

 

  1. Байқауға өтінімдерді беру тәртібі

 

  1. Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

 

1) ұйым басшысының қолы қойылған және мөрімен бекітілген нысанға (1-қосымша) сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімнің электрондық түрде сканерленген нұсқасы болуы тиіс.

2) мәлімделген әлеуметтік жоба (2-қосымша).

Жоба конкурстың тақырыптық бағытына сәйкес келуі және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) жобаның атауы;

2) жобаның мақсаты мен негізгі міндеттерінің сипаттамасы;

3) шешілетін проблеманың қысқаша сипаттамасы;

4) әлеуметтік әріптестік;

5) нысаналы топ, жобаны іске асыру аумағы;

6) күтілетін нәтижелер;

7) жобаның негізделген күнтізбелік жоспары;

8) болжанатын шығыстардың негізгі баптары (жоба бюджеті)

9) өткізу орны, қамту аумағын қамтиды.

Байқауға қатысуға жіберілген жобалардың басымдық  бағыттары:

- жаңа әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі мәселесін ауылдық жерлерде шешу;

- тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруға, оларға компьютерлік, құқықтық, қаржылық сауаттылық дағдыларына оқыту;

- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу, оңалту, сауықтырудың инновациялық технологиялары мен озық әдістемелерін енгізу;

- балалар мен жасөспірімдерді ауылдық жерлерде спорт сабақтарына тарту;

- мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесу, кәсіптік-еңбекке оқыту және кәсіптік бағдар беру, балалар мен жасөспірімдердің мүдделері мен қажеттіліктерін айқындау арқылы кәсіптік дағдыларды дамыту;

- әлеуметтік белсенділіктің әртүрлі нысандары арқылы аға буын және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін әлеуметтендіру.

- тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған орта мен табиғи ескерткіштерге саналы және ұқыпты қарауды қалыптастыру; және т.б.

- сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-бабына, 1-тармағына сәйкес басқа да бағыттар.

 

Байқауда Алматы облысының  жүзеге асырылатын жобалар қарастырылады, оның ішінде ауылдық жерлерде іске асырылған әлеуметтік жобалар басым болады. Өтінімдерді толтыру кезінде әлеуметтік жобада іске асырылатын мекенді көрсету қажет.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2025 жылғы «1» және «20» қазан аралығында қабылданады. Байқауға қатысуға өтінім ұсынудың жарияланған мерзімінен кешіктірмей және мәлімделген жобаны іске асыру басталғанға дейін жіберілуге тиіс.

Өтінім MS Word форматында электронды түрде npo2024@mail.ru  баспа түрінде (пошта арқылы немесе курьермен) қазақ немесе орыс тілдерінде «Әлеуметтік идеялар мен жобалар байкауы-2025» белгісімен Орталыққа жіберіледі.

Байқауға ұсынылған өтінімдер мен құжаттама қағаз жеткізгіште қайтарылмайды, бірақ өтінімнің электрондық жеткізгіштегі нұсқасы ретінде қалады.

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер байқауға қатыстырылмайды.

 

  1. Байқау комиссияның жұмыс тәртібі

 

Байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтау және  жобаларды бағалау үшін    мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың және БАҚ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатарынан құрамында кемінде 3 (үш) адам бар құрылады.

Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен, жай көпшілік дауыспен, кворум құрамының 2/3 кем болмаған жағдайда қабылданады.

Комиссияның шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған барлық мүшелері қол қояды.

 

  1. Жеңімпаздарды іріктеу критерийлері

 

Жобаларды конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайды (1-5 балл, ең төменгі балл – 1, ең жоғары балл – 5):

1) Жобаның басым бағыттарға, конкурс шарттарына сәйкестігі, жобаның пысықталу дәрежесі мен сапасы;

2) әлеуметтік маңыздылығы мен өзектілігі;

3) жобаның нақты міндеттерінің шынайылығы, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу;

4) жобаның тұрақтылығы, жобаның нәтижелерін пайдалану перспективалары;

5) қаржы қаражатының негізділігі.

 

  1. Жобаларды қаржыландыру және есептілік

 

Байқау жеңімпаздарының саны және қаржылық қолдау көлемі: жалпы Қоры – 1 500 000 теңге, оның ішінде 500 000 теңгеден 3 жоба. Конкурс қорытындылары туралы барлық ақпарат "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Шағын гранттар үшін бөлінген қаражат жеңімпазбен жасалатын шарт негізінде әлеуметтік жобаны іске асыру үшін материалдық техникалық база түрінде беріледі. Конкурстық комиссияның шешімі шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

 Қаржылық көмек көрсету туралы шарт жалпы талаптардан басқа, сондай-ақ мыналарды көздеуге тиіс:

1) конкурстық комиссияның шешімін көрсету;

2)жобаның деректері (атауы, қысқаша сипаттамасы, іске асыру мерзімдері, шығыстар сметасы);

3) конкурс жеңімпазының материалдық техникалық базаны мақсатты пайдалану туралы міндеттемесі (есептілікті ұсына отырып);

4) жоба мониторингі 3 жыл бойы және бөлінген материалдық-техникалық базаның мақсатты пайдаланылуын бақылау Орталығының құқығы;

5) алынған материалдық техникалық базаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін алушының жауапкершілігі.

6) жобаны іске асыру барысы туралы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде # Алматы облысының ішкі саясат басқармасы белгісімен жариялау.

Жеңіске жеткен жобаны іске асыру кезеңдерін Орталық ақпараттық қолдау мен бейне түсірілімдермен қамтамасыз ете отырып қадағалайды.

Жоба аяқталғаннан кейін Орталыққа фото және видео, жарияланымдар және т.б. ұсына отырып, жобаны іске асыру туралы 2025 жылғы 15 желтоқсанға толық есеп беріледі. Қажет болған жағдайда Орталық жобаның іске асырылу барысы туралы аралық есепті сұратуға құқылы.

 

  1. Ұйымдастыру мәселелері және байланыс ақпараты

 

7.1. Барлық туындайтын дауларды Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушы және конкурс комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

7.2. Байқау ұйымдастырушылары:

Адрес: Алматы облысының ҮЕҰ Консалтинг орталығы Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен

тел: 87054845816, 87475550751

e-mail: npo2024@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша -1

 

Анкета

                                                     

1.

Мекеме атауы

 

 

2.

Жетекшінің аты-жөні, байланыс деректері:

(телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

 

 

3.

Ұйымның мекен-жайы

 

 

4

Ұйымның әлеуеті, жобаларды іске асыру және гранттарды басқару тәжірибесі (оның ішінде қазіргі уақытта қандай жобалар іске асырылып жатқанын көрсету, грант берушінің атауы және грант сомасы)

 

 

5.

Әлеуметтік желідегі аккаунттардың сілтемесі

 

 

 

Толтырылған мерзімі: «______» __________________2025 ж.

    

Басшысы____________________________________________

Қолы, мөр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша-2

Ұйымның _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ әлеуметтік жобасы

/ҮЕҰ-ның және ауданның атауы/

 

Жоба конкурстың тақырыптық бағытына сәйкес келуі және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

  • жобаның атауы (атауы қысқа болкерек және жобаның мәнін көрсетуі тиіс);

 

  • жобаның мақсаты мен негізгі міндеттерін сипаттау (негізгі көздеген мақсатты көрсету және шешілуі қажет нақты міндеттерді көрсету);

 

  • жобаның қысқаша сипаттамасы (бар проблеманы көрсету, шешу тетіктерін, жобаның өзектілігін көрсету, сандық индикаторларды көрсету – мысалы, қанша адам қамтылатын, оқытылған, емделетін және т. б.) ;

 

  • әлеуметтік әріптестік (жоба бойынша негізгі тұрақты серіктестер мен серіктестерді көрсету);

 

  • нысаналы топ, жобаны іске асыру аумағы;

 

  • күтілетін нәтижелер;

 

7) жобаның негізделген күнтізбелік жоспары

 

Шаралар атауы

Мерзімі

Өтетін орны

Жауаптылар, теренер, эксперттер

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

  • Негізгі шығындар сметасы (жобаның бюджеті).

 

шығындар

сипаттамасы

саны

барлығы, тенге

1.

 

 

 

 

2.

Ескерту. Жабдықты сатып алуда болжамды маркасын, құнын және т. б. көрсету қажет

 

 

 

 

9) өткізу орны, қамту аумағы

 

Толтырылған мерзімі: «______»__________________2025 ж.

     

Басшысы ____________________________________________

Қолы, мөр