Алматы облысы әкімдігі және Aspan FM радиосының ұйымдастыруымен Қонаев қаласының орталық алаңында ASPAN FEST ең ауқымды жазғы фестивалінің 2-ші маусымының ашылу салтанаты өтті.
Музыка фестивалінде қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары: MUZART, Nurbullin, Ayree, Ernar Amandyq, Diana Ismail, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Алатау серілері, Ажар Назар, Мұхаммедәлі Жүгінісов және Алматы облысының өнерпаздары Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарына танымал әндерден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй, мәдени демалыс сыйлады.
Жаз айларының әр жұма күндері фестиваль өз жалғасын табатын болады.