
Бүгін 02.03.2026 ж. Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлеріне Алматы облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас инспекторы Баянбаева Кульмира Жамалбекқызы қатысуымен жиын өтті. Жиында Басқарма қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерінде жиі көтерілетін мәселелерін анықтау тәртібін, жауаптарды сапалы және уақытылы дайындау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиі көтерілетін мәселелер талқыланды.