«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жүргізілуі жоспарлануда

«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жүргізілуі жоспарлануда

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2025 жылғы 27 маусым 12 шілде аралығында «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жүргізілуі жоспарлануда.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Басқарма бөлімшелерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Басқарма бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Анықтама телефоны: 87079095757 – Кермбеков Б.О. (Басқарманың мемлекеттік сатып алу мониторингі және әкімшілік бөлімінің басшысы)