"Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы

"Мерейлі отбасы" Ұлттық конкурсы

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында өткізілетін «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы, 2024 жылдың 15 мамырдан 15 маусым аралығында өтінім қабылдайды. Конкурсқа қатысу үшін отбасылар жергілікті атқарушы органдарға (аудандық, қалалық әкімдіктерге) өтінім арқылы өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатыса алады.