Халыққа, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға білікті, тегін медиативтік көмек көрсету

Халыққа, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға білікті, тегін медиативтік көмек көрсету

Сарыжаз ауылының тұрғыны қарт зейнеткер Тукаева Галияның тұрғын үй құжаттарын заңдастыруға, құжаттар тізбесін жинап және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш тастап, мемлекеттік орган мен жеке тұлға арасында еш дау тудырмай, жұмыстың шешілуіне көмек көрсетілді. (Көмек көрсетуші әлеуметтік қызметкер Тәліп Назерке).
Қарасаз ауылының тұрғыны Қасқаров Нұрмұхамбет өндірістік жарақат алуына байланысты 2-топ мүгедектігін алған. Алайда, өндірістік жарақатқа байланысты мемлекеттен арнайы қажетті құралдармен қамтамасыз етілмеген. Райымбек аудандық жұмыспен қамту бөлімі мамандарының қатысуымен әлеуметтік көші-қон деппартаментінің қатысуымен аталған мәселе шешілді. Бүгінгі күнге қажетті таяқ, балдақ және күрделі протездік ортопедиалық бұйыммен қамтылды