Сәуір айының 10-11 күндері Қонаев қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында "NAURYZ-2023" атты дәстүрлі спорт түрлерінен дүбірлі жарыс өтті. Аталған жарысқа облысымыздың барлық аймағынан 200-ден аса мемлекеттік қызметші қатысты.
Райымбек ауданының құрамасы Қазақ күресінен 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Текес ауылдық округі әкімінің орынбасары Боранбаев Ғалым, 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімі Қайратұлы Бақыткелді чемпион атанды. Сондай ақ дәстүрлі садақ ату бойынша Райымбек ауданы әкімінің аппаратының бас мамандары Керімбаев Ернат, Тұрағалды Жазира чемпион атанды.
Гір тасын көтеру жарысы бойынша Шалкөде ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Ілияс Нұрдос 2-орынға ие болса, Тегістік ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Ақерке Нұрболатқызы тоғызқұмалақтан 2-орыннан көрінді. Жарыс қорытындысы бойынша Райымбек ауданының мемлекеттік қызметшілері құрамасы командалық есеппен 2-орынға ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз.