Алматы облысында пайдаланылмайтын,
бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік
объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп
жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік
мүлікке жүйелі түгендеу жүргізілуде.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде
нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай
отырған объектілер айқындалып, оларды
одан әрі шаруашылық айналымға тарту
жөнінде шешімдер қабылдануда. Соның
ішінде, ашық конкурстық рәсімдер
арқылы сенімгерлік басқаруға беру тетігі
қарастырылған.
Осыған байланысты анықталған
коммуналдық меншік объектісі оны тиімді
пайдалану және әлеуметтік маңызы бар
нысан құру мақсатында ашық тендерге
шығарылуда. Тендерге белгіленген біліктілік
талаптарына сәйкес келетін барлық
мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады.
Сауда-саттық рәсімі ашық әрі айқын
түрде өткізіледі, бұл барлық әлеуетті
қатысушыларға тең қолжетімділікті
қамтамасыз етеді.
Осыған орай Райымбек ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі иесіз және бос тұрған нысан Текес ауылы Ж. Қасиев көшесі № 1В мекен-жайында орналасқан гараж ғимаратын ауданымыздың ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлік бағытын дамыту мақсатында ашық тендер өткізілетінін хабарлайды.
📌 Тендер активтерді басқарудың цифрлық платформасы https://e-qazyna.kz/ арқылы өткізіледі.
Нысан: гараж
Сауда: № 442620
Орналасқан жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылы, Ж. Қасиев көшесі № 1В.
Тендерге біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
📍Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 02 маусым сағат 10:00-ге дейін.
📌 Лот сілтемесі: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/327241858372000000