Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы басталды

Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы басталды
 
Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы басталды
 
Қонаев қаласында «Таза аула» конкурсы басталды. Аталған конкурс «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Байқауға кез келген тұрғын, пәтер иелері кооперативтері, мекеме ұжымдары, белсенді топтар, ПИК/МИК қатыса алады. Талап біреу – үйдің, мекеменің ауласы ерекше көгалданған әрі таза болуы тиіс. Конкурстың алғашқы кезеңі 15-30 мамыр аралығында өтеді. 
 
Қатысушылар өз аулаларының фото-бейне материалын, мекенжайын, аты-жөнін 87017196240 ватсап нөміріне жолдауы қажет. 
 
Бағалау критерийлері қандай?
 
1) Гүлдендіру жұмыстары (гүлзарлар, композициялар, қолдан жасалған гүл 
          бақшалар);
2) Көгалдандыру деңгейі (ағаштар, бұталар, газондар);
3) Тазалық пен ұқыптылық (ауланың таза, қоқыстан таза болуы);
4) Қатысушылардың белсенділігі (тұрғындардың жұмылдырылуы, ұжымдық 
          жұмыс).
 
Қосымша шарттар бар ма?
1) Тек конкурс уақытында емес, жасыл желектерге үнемі күтім жасалуы тиіс;
2) жүлдегер атанған қатысушы келесі конкурстарға қатыса алмайды;
3) жүлделі орынға ие болмаған қатысушылар келесі конкурстарға қатысуға мүмкіндігі бар;
4) көгалдандырылған аймаққа қазылар алқасы барып, әр мүшесі жеке бағалайды. 
 
 
Жүлде қоры келесідей:
І орын - 300 000 теңге.
ІІ орын - 200 000 теңге.
ІІІ орын-100 000 теңге.
 
Жарыс жеңімпаздарын марапаттау уақыты қосымша хабарланады.