Қонаевта 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Қонаевта 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Қонаевта 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
 
Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2025 жылдың алғашқы үш айында халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған кешенді жұмыстарды атқарды.
 
Негізгі нәтижелер:
•Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК): 75 отбасыға 11,5 млн теңге төленді. Жалпы бөлінген қаражат – 209,8 млн теңге.
•Кепілдендірілген әлеуметтік пакет: 377 балаға 1,5 млн теңге төленді.
•Тұрғын үй көмегі: 13 отбасыға 331,9 мың теңге берілді.
•Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытатын отбасыларға: 47 бала үшін 1,4 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
•Мерекелік және атаулы күндерге орай: ҰОС ардагері Оксана Бетебаеваға 5 млн теңге көлемінде біржолғы көмек берілді. Сондай-ақ Ауған соғысының 91 ардагеріне 17,8 млн теңге төленді.
 
2025 жылдың басынан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
•200 адам – гигиеналық құралдармен,
•18 адам – кресло-арбамен,
•28 адам – протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
 
Сонымен қатар 37 адам санаторлық-курорттық емделуге жіберілді, 43 адам жеке көмекші қызметін алды.
 
Қосымша қолдау:
•Туберкулезбен ауыратын 20 азаматқа 1,1 млн теңге,
•Аз қамтылған көпбалалы отбасылардың балаларына балабақша төлемақысын субсидиялауға 608,2 мың теңге бөлінді.
 
Қала әкімдігі тұрғындарды әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде жалғастырады.