Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Қала әкімі Асхат Бердіханов «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Салықовамен кездесті.

Қос тарап бірлестіктің жұмысын жандандыру, елімізде жаңадан қабылданған ережелерді орындау мәселесін талқылады. Шаһар басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Елжаз Лепесбаевқа мекемеге консультациялық көмек көрсетуді және мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастыруды тапсырды.

«Мүгедектігі бар жандарға білім беріп,қоғаммен етене араласуға жағдай жасап жүрген азаматтарға көмек беруді ұдайы жалғастыруымыз қажет. Бірлестіктің мәселесі оң шешімін табуы тиіс», – деді әкім.

Сондай-ақ Асхат Бердіханов «Del mare» демалыс кешеніне барып, басшылығымен жүздесті. Қазір мұнда шомылу маусымына дайындық қарқынды жүруде. Кәсіпкер демалыс орнын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты. Осыған байланысты шаһар басшысы кәсіпкерлік бөлімімен тығыз жұмыс істеуге шақырды. Әкімдік тарапынан қажетті шаралар жүзеге асырылады.