
Балалар қауіпсіздігі - басты міндет
Қонаевта балалардың суда жүзуде қауіпсіздігін сақтау және балдырғандардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша кеңейтілген отырыс өтті.
Оған мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты. Түсіндірме жұмыстарын облыс әкімдігі аппаратының бас инспекторы Айгана Асанова, облыстық білім басқармасының бас маманы Думан Айтбаев, Қонаев қалалық ювеналды полиция тобының аға инспекторы Думан Бакеев, қалалық ТЖБ инженері Әли Әлмұрат жүргізді.
Статистикаға сүйенсек, былтыр елімізде 55 бала суға батып кеткен. Мұның негізгі себебі ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруы, сондай-ақ олардың тыйым салынған жерлерде шомылуы болып отыр. Осыған байланысты мамандар бірнеше ескертпелер жасады.
Сонымен қатар 2024 жылы 100-ден астам бала терезеден құлап, олардың 3/1-і қаза тапқан. Мамандар терезелерге қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы жабдықтар орнатуға кеңес берді.
Жиында өрт қауіпсіздігі ережелері туралы да айтылды.