Іле өзенінің бойынан 12 тонна қоқыс шығарылды

Іле өзенінің бойынан 12 тонна қоқыс шығарылды

Іле өзенінің бойынан 12 тонна қоқыс шығарылды

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында шаһар маңындағы аумақтар да қоқыстан тазартылуда.

Мысалы, бүгін «Таңбалы тас» ескерткішінің аумағынан Іле өзенінің бойын жағалай, 4 шақырым аумақ тазаланды. Алдын ала жүргізілген зерделеуге сәйкес, мұнда демалушылардан қалған 7 стихиялық қоқыс орны анықталды. Сенбілікте оның барлығы тазаланды. Іс-шараға Жастар ресурстық орталығының еріктілері, сондай-ақ Қонаев қаласының тұрғындарынан, коммуналдық қызмет көрсетуші компания мамандарынан құралған топ қатысты. Тазалық жұмысына 150-ден астам адам тартылып, 12 тонна қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, бұған дейін «Көшпенділер» қалашығының маңында 2 рет сенбілік өткізіліп, 18 тонна қоқыс шығарылған.

Естеріңізге салсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2, 505-баптарына сай, заңсыз жерде қоқыс тастағаны үшін айыппұл салу көзделген.

Алдағы уақытта жоғарыда аталған туристік орындарға «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығы туралы ақпараттық тақтайшалар орнатылып, бақылау күшейтіледі.