
№8-10 шағын ауданда газ құбырларының орыны ауыстырылып жатыр
Қазіргі таңда Қонаев қаласы №8-10 шағын аудандарының жолы күрделі жөндеуден өтуде. Мердігер – «Асар строй» ЖШС.
Көше 4 жолақты, ұзындығы 14,3 шақырымды құрайды. Жобаның аяқталу мерзімі 2025 жылға жоспарланған.
Мердігер жұмысты кестеге сай орындауда. Бүгінде автожол түсетін аймақтардағы газ желілерінің орыны ауыстырылып жатыр. Осыған байланысты қаладағы 367 абонент уақытша көгілдір отыннан ажыратылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 1 қараша күні аяқталады деп жоспарлануда.
Айта кетерлік жайт, 367 жеке тұрғын үйдің барлығы электр энергиясы арқылы жылытылып жатқандықтан, трансформаторларға үстеме күш түсуде. Сондықтан кеше апатты жағдай орын алды. Ал бүгін авариялық қызметтің мамандары кезекшілікте болады.