Қонаевта бірнеше көшенің атауы өзгермек

Қонаевта бірнеше көшенің атауы өзгермек

Бұл туралы шешім қала мәслихатының ХХVII сессиясында қабылданды. Нақтырақ айтқанда, қаладағы 19, 20 шағын аудандарындағы Центральная көшесіне, 18 шағын аудандағы Фрунзе көшесіне қайта атау беру туралы шешім шықты. Бұл сұрақ облыстық мәслихатта да қаралатын болады.

Сонымен қатар сессияда Қонаев қаласы және ауылдық округтерінің 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы мәселе қаралды. Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ләйлә Келдібекованың сөзінше:
* Бюджетке кіріс көлемі - 46 млрд 774 млн теңгені құрады;
* атаулы әлеуметтік көмекке 252 аз қамтылған отбасы, 1310 адамға   149,0 млн. теңге бөлініп, игерілді;
* 10-шы шағын аудандағы үш 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына барлығы  2 млрд. 198 млн. теңге бөлініп, 2 млрд. 57 млн. теңгесі игерілді;
* азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге, яғни апатты жағдайдағы үйлерді жою шаралары аясында 34 пәтер иелеріне 593,7 млн. теңгеге пәтер сатып алынды;
* сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін дамыту бағдарламалары бойынша барлығы 11 млрд. 332 млн. теңге игеріліп жұмыстар жүргізілді;
* 8-10 шағын аудандардың көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына 785 млн. теңге бөлініп игерілді. Жолаушылар тасымалдау шығындарына 428,9 млн. теңге бағытталды.

Баяндамада әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру, ТҮКШ, құрылыс секілді салалар толығымен қамтылды. Депутаттар күн тәртібіндегі үш мәселеге де қолдау білдірді.