Қонаевтағы үйлердің жертөлесі масаға қарсы өңделуде

Қонаевтағы үйлердің жертөлесі масаға қарсы өңделуде

Қала әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, тұрғын үйлердің жертөлелерінде масаға, таракандарға, бүргелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда мердігер компания 2 шағын аудандағы үйлерді дезинсекциялауда, жалпы жоспар бойынша барлық тұрғын үйлерді қамту жоспарланған. Өңдеу жүретін уақыт алдын ала Пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына хабарлануда.

Сондай-ақ қамыс, ашық жатқан аумақтар, парктер, скверлер де назардан тыс қалған жоқ. Мұндағы дезинсекциялаумен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы айналысуда. Өңделетін аймақ 11 га-дан астам. Өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жаздың соңына дейін жүреді.