Қонаев қаласының әкімі салық базасын ұлғайтуды тапсырды

Қонаев қаласының әкімі салық базасын ұлғайтуды тапсырды

Қонаев қаласының әкімі мемлекеттік кірістер басқармасының, экономика және қаржы бөлімінің басшыларын қабылдап, нақты тапсырмалар жүктеді.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінде салық маңызды рөл атқарады. Сондықтан әкім:

1. Кешенді даму жоспарын жүзеге асырушы компаниялардың қалада тіркелуін қадағалауды;
2. қазіргі таңда Қонаевта жер қойнауын пайдаланушы 16 компания өзге елдімекендерде тіркелген. Сәйкесінше, салық басқа қалалардың қазынасын толықтыруда. Сол себепті әкім аталған мәселені тез арада шешуді;
3. жарнама ілінетін орындардан салық түсіп я түспей жатқанын тексеруді;
4. шомылу маусымына байланысты су көліктерін пайдаланушылар да жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін қадағалауды тапсырды.