"Таза Қазақстан": Қонаевта сенбілікке шыққан балақай жұртты сүйсінтті

"Таза Қазақстан": Қонаевта сенбілікке шыққан балақай жұртты сүйсінтті

Қазіргі таңда елімізде "Таза Қазақстан" эконауқаны өтіп жатыр. Науқанға Қонаевтағы 12,12А,12В, Арна шағын аудандарының халқы белсенді қатысып, көшелерді қоқыстан тазартты.

Солардың қатарында 6 жасар балақай Нұрали Сұңқарұлы да болды. Тырмамен қураған шөпті тазалаған бала жұртты сүйсінтті. Айтуынша, ол сенбілікке достарымен бірге келген.

Журналистің не істеп жүрсің деген сұрағына балақай "мусор жинап жүрмін" - деп жауап берді. Ал не үшін келгенін тазалыққа деп түсіндірді.

Жалпы бүгін акцияға 200 адам қатысып, 70 қап қоқыс шығарды. Аталған науқан 5 аптаға жалғаспақ.