Әскери қызметтен босатуды немесе әскери қызметтен кейінге қалдыруды онлайн алуға болады

Әскери қызметтен босатуды немесе әскери қызметтен кейінге қалдыруды онлайн алуға болады

Әскери қызметке шақырудан босатылуға және кейінге қалдырылуға құқығы бар әскерге шақырылушылар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бере алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.

Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.

Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік органның жауабы пайдаланушының жеке кабинетіне түседі. Кейінге қалдыру отбасы жағдайлары бойынша, білім алуды жалғастыру үшін және денсаулық жағдайы бойынша беріледі.