А. Ертаев Қонаев қаласында корейлік орталығын іске қосу бойынша жұмыс барысымен танысты

А. Ертаев Қонаев қаласында корейлік орталығын іске қосу бойынша жұмыс барысымен танысты

ҚР Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін корейлік орталықты Қонаев қаласында іске қосу бойынша жұмыс барысымен танысты. Орталық Employment Permit System (бұдан әрі – EPS) жүйесі бойынша оқытуды жүргізеді.

Қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасу үшін даярлау процесі Қонаев қаласындағы көпсалалы колледж базасында жүргізіледі. Білім алушыларды медициналық тексеру қалалық ауруханада жүзеге асырылады.

Қазақстанды Оңтүстік Кореяның EPS жүйесіне қосу мәселесі Корея Республикасының мемлекеттік органдарының қарауы мен келісу сатысында тұрғанын естеріңізге саламыз.