Қала әкімінің құттықтауы

Қала әкімінің құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы Күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Халық санасында ежелден жыл басы саналған, елдің жадында Ұлыстың ұлы күні болып қалыптасқан Наурыз - қашан да елдік пен бірліктің, тазару мен жаңару мерекесі.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Жалпы, Наурыз парсы және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Биыл, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастауымен Наурыз мерекесінің мазмұнын байыту, ұлттық салт-дәстүрімізді толық жеткізу, оны одан әрі нәсихаттау маңыздылығын ескере отырып, жаңаша атап өтутуралы шешім қабылданды.

Осы орайда, төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрі қалыптасып, жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аталып өтуде.

Бүгінде Қазақ Елі130 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған Отанына айналды. Наурыз мейрамы осындай игі дәстүрді ұрпақ бойына сіңіріп, татулық пен ынтымақты жарастыруда ел көңілінен шыққан ұлық мерекенің бірі. Осындай достықта облыс орталығыҚонаев қаласында бүгінгі күні 17 ұлт өкілі, жалпы 70 мыңнан астам халық жарасымды өмір сүруде.

Біздің дархан жұртымыз қашан да Ұлыстың Ұлы күнінде көл-көсір дастарқанын жайып, арайлы таңын ақ тілекпен қарсы алып отырған.

Елдің сүттей ұйыған тыныштығын, халықтың ырысты ынтымағын тілеген. Бұлақ көзін ашып, тал егіп, көмекке зәру  адамдарға қол ұшын беріп, сауапты ізгі істермен айналысқан.

Қадірлі жерлестер!

      Әз-Наурыз баршаңызға жақсылық сыйлап, шаңырақтарыңызға құт-береке әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын, ардақты ағайын!