
Бұл туралы "Қонаев Су Арнасы" мекемесінің басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Жалпы қалада 2082 су және 2559 кәріз құдығы бар. Биыл құдық қақпақтары жоқ екеніне шағымданып 22 тұрғын хабарласқан. Ал жоспарлы түрде аралау барысында тағы 17 данасы жоқ екені анықталған. Қызметшілер бұл олқылықтардың орнын толтырған. Мекеме басшысы Мади Темиралиевтің айтуынша, қақпақтарды ұрлау фактілері жиі кездеседі. Алайда, бүгінгі күнге ешкім ұсталып, әкімшілік жазаға тартылмаған. "Біздің мамандар халық шағымы бойынша барған кезде құдықтардың беті ашық жатады. Сондықтан олар мемлекет мүлкіне кім зиян келтіргенін анықтай алмайды. Темір-терсектерді өткізіп, ақша жасайтындар көбейген. Олар өздерінің әккі әрекеттерін түнде жүзеге асырады", - деді ол. Сонымен қатар Мәди Темиралиев биыл тек қақпақтардың орнына жаңасын қойып, жөндеуге 866 мың теңге қаржы жұмсалғанын айтты. "Адамдар құдыққа құлап, мертігіп қалуы мүмкін. Егер тұрғындар ашық жатқан құдықты көрсе, бірден хабарлассын", - деді Мади Темиралиев. Мекеменің байланыс нөмірі: 8 (72772) 4-15-45.