Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
2) сотталған адамды әлеуметке қосу;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту:
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, медициналық көмек алу, орта білім алу, кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру), жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, психологиялық демеуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу, Келу орнымен қамтамасыз етуді, оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды, мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды, әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады.
Осыған орай, Қонаев қаласы әкімдігінің жанынан қылмыстық жазаларды және қылмыстық заңнаманың озге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдемдесу, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдарға әлеуметтік жіне өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында консультация –кеңесші орган құрылды. Қылмыстық жазаларды өтеу және консультативтік-кеңесші орган тоқсан сайынғы отырысты өткізіліп отырылады және жиында бұрынғы сотталғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрғандарды әлеуметтік көмекпен қамтуды барынша қамтамасыз ету үшін барлық жайттар талқыланады.
Жергілікті атқарушы органдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңынына сәйкес әлеуметтендіру жұмыстарды жүргізеді.