
Қонаев қаласында ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Рәсімге Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, ақын-жазушылар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Абай – қазақтың сөз өнерін биік белеске көтеріп қана қоймай, тұтас ұлттың ойлау жүйесіне, рухани болмысына із қалдырған дара тұлға. Оның әрбір сөзі адамды білімге ұмтылуға, еңбек етуге, ар-ұятты биік ұстауға, ел мен жердің қадірін түсінуге үндейді.
Ұлы ақынның «толық адам» туралы тағылымы, ғылым мен білімді дәріптеген ойлары, адамгершілік пен елдікке шақырған өсиеттері арада ғасырдан астам уақыт өтсе де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын Абай мұрасының тереңдігі мен тағылымы айқындала түсуде.
Гүл шоқтарын қою рәсімі – ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абайға деген құрметтің белгісі. Бұл – ұлы тұлғаның есімін ұлықтау ғана емес, оның аманатын келер ұрпаққа жеткізуге деген жауапкершілікті сезіну.
Абайдың сөзі – уақытпен бірге жаңғыратын сөз. Ал оның мұрасы – ұлтпен бірге жасайтын мәңгілік мұра