Қонаев қаласы әкімдігінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі және ӘРПК нормалары бойынша семинар өтті

Қонаев қаласы әкімдігінде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі және ӘРПК нормалары бойынша семинар өтті

2026 жылдың 5 маусым күні Қонаев қаласы әкімдігінде Алматы облысы әкімі аппаратының Азаматтардың өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің бас маманы Ахметбек Миргүл Әлпекқызының қатысуымен семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ «Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Семинарға Қонаев қаласы әкімдігі бөлімдерінің, Шеңгелді ауылдық округ әкімі аппараттарының және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының азаматтардың өтініштерімен жұмысқа жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында өтініштерді қарау кезінде орын алуы мүмкін кемшіліктер мен заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, өтініштердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, келіп түскен өтініштерді уақытылы тіркеу, орындаушыларға жедел жолдау, тіркелуге жатпайтын өтініштерді тиісті ақпараттық жүйелерге бағыттау және олардың заңнама талаптарына сәйкес жабылуын бақылау тәртібі түсіндірілді.

Миргүл Әліпекқызы «Е-өтініш» жүйесінде өтініштердің түрін, тілін, тегтерін, кодекс түрін және өтініште көтерілген мәселелердің сипатын дұрыс таңдаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ азаматтарға қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес шағымдану құқығын түсіндіру қажеттігі атап өтілді.

Семинар барысында азаматтардың өтініштерін қарау кезінде формализмге жол бермеу, қайта жүгіну жағдайларын азайту мақсатында өтініштердің бастапқы қаралу кезеңінде мәні бойынша толық, жан-жақты және негізделген жауаптар беру қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, өтініштердің түрлерін ӘРПК талаптарына сәйкес дұрыс айқындау, тіркелген өтініштерді заңнама аясында рәсімдеп жабу тәртібі және Қонаев қаласының Азаматтарды қабылдау орталығы жұмысының жекелеген мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға азаматтардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.