Қонаевта «Банковец» демалыс аймағы сауда-саттыққа шығарылды

Қонаевта «Банковец» демалыс аймағы сауда-саттыққа шығарылды

Қонаев қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі коммуналдық меншік нысаны – «Банковец» демалыс аймағын сату бойынша электронды сауда-саттық өткізілетінін хабарлайды.

Аукцион 2026 жылғы 11 маусым күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін E-Qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.

Нысанның мекенжайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауы, «Алматы-Демалыс» демалыс базасы, №162 ғимарат.

Сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарландыру жарияланған күннен басталып, аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Осы мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдерді кері қайтарып алу мүмкін болмайды.

Аукционға қатысу үшін бірыңғай оператор – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның реквизиттеріне кепілдік жарна енгізу қажет.

Нысан туралы толық ақпарат пен қатысу шарттары E-Qazyna электронды сауда порталына орналастырылған.