
Алматы облысында пайдаланылмай жатқан және бос тұрған коммуналдық меншік нысандарын шаруашылық айналымға шығару жалғасуда.
Осыған байланысты Қонаев қаласында орналасқан Алматы теміржолының электрлік орталықтандыру посты сауда-саттық алаңына аукционға шығарылды.
Нысанның мекенжайы:
Алматы облысы, Қонаев қаласы, Алматинская көшесі, 5/1 уч.
Сауда нөмірі: 444677
Өтінім қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 11 маусым, сағат 09:55-ке дейін.
Аукцион активтерді басқарудың цифрлық платформасы (E-Qazyna) арқылы өткізіледі.
Лотқа сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/328183704869000000
Сауда-саттыққа біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Аталған жоба кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға, бизнесті дамытуға және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.