Тұрғындар бастамасымен 8–10-шағынауданда 610 ағаш егілді

Тұрғындар бастамасымен 8–10-шағынауданда 610 ағаш егілді

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындардың экологиялық бастамалары қарқын алып келеді. Соның жарқын мысалы – 8–10-шағынаудан халқының өз аумағын көгалдандыруға белсенді кірісуі.

Тұрғындардың айтуынша, былтыр қараша айында аулаларды жасылдандыру мақсатында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне өтінім берілген. Көктем шыға сала бұл өтініш жүзеге асып, небәрі екі күн ішінде көше бойына 610 түп ағаш отырғызылды.

Игі іске ұйытқы болғандардың бірі Светлана Бородихина шағынауданды толықтай көгалдандыру жоспарда бар екенін атап өтті.

«Ағаштарды өзіміз отырғызып қана қоймай, күтіп-баптауды да қолға аламыз. Ауданның көркеюі – қаланың көркеюі. Жаңа ашылған экопаркке де ағаш егеміз», – дейді ол.

Тұрғындардың мұндай белсенділігі – экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанының айқын көрінісі. Әкімдік тарапынан қоршаған ортаға бей-жай қарамай, туған жердің көркеюіне үлес қосып жүрген барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз.