Қонаевта 30 жыл жиналмаған қоқыс үйінділері тазаланды

Қонаевта 30 жыл жиналмаған қоқыс үйінділері тазаланды

Шеңгелді ауылдық округінің Кербұлақ елдімекенінде 30 жыл бұрын көшіріп әкеткен үйлердің қирандылары тазаланды. Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Ауыл әкімінің м.а. Жандос Манеевтің айтуынша, мұнда көшіп кеткен 20 үйдің негізі сақталып, үйіндіге айналған. Олар кезең-кезеңімен тазаланады. Бүгінде оның бесеуінің орны тегістеліп, қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады.